1-қыркүйек- Білім күні «Мен патриотпын!»

1-қыркүйек- Білім күні «Мен патриотпын!»

    2018-2019 оқу жылы мектеп – лицей үшін ерекше де, жаңашылдығымен басталды. Педагогикалық  ұжым,  ардагер ұстаздар,жас мамандар,ата-аналар және 1сынып,4-5 сынып,9-11 сынып оқушылары қатысты. 

1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын  «Мен патриотпын!»  тақырыбында өтті. Жиынның қонақтары:  халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы филиалының төрағасы, Қазақстан журналистер одағының мүшесі,мемлекеттік қызмет ардагері-  Ж.С.Махмұт .Ұлағатты ардагер ұстаз ҚР ағарту ісінің үздігі, Ы. Алтынсарин медалінің иегері Г.Д.Дәрібекова  «Балқаш қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысының міндетін атқарушы  Ә.А.Бөлекова. Білім күні салтанатымен құттықтау сөз кезегін алған мектеп-лицейдің директоры,  Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері  К.Ш.Дубирбекова  жиынға қатысушыларға мектеп – лицей жетістіктерін ерекшелігіне тоқталып,барлық бағыттағы міндеттерді іске асыруда жоғарғы көрсеткіштерден көрініп, мектеп-лицей қоржыны тағы да «Алтын белгімен» толықтырылғандығын мақтанышпен айтты.  2018-2019 оқу жылында 10-шы түлектері ұшқалы тұрғандығын және осы оқу жылында көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекешісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы,публицист,ғалым,аудармашы,елінің азаттық жолында Алаштың рухы үшін  күрескен Әлихан Бөкейхановтың есімі берілгендігі  нұр үстіне нұр екендігін қуанышпен жеткізді. Салтанатты жиынның құрметті қонақтары оқушыларды, ата-аналарды және педагогикалық ұжымды жаңа оқу жылымен құттықтап,  мектеп табалдырығын жаңа аттаған  бүлдіршіндерге  ақ жол тіледі. Болашақта Әлихан Бөкейханов атындағы  мектеп-лицейге өз үлестерін қосатын табысты шәкірттер болатынына сенім білдірді.

«Көшбасшылар» мектебі -  дарынды оқушылардың үгіт - насихат тобы «Туған жерге тағзым» жоба аясында Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан, Алаш арыстары Әлімхан Ермеков, Жақып Ақбаевты  зерттеп, білу мақсатында  қосқан үлестерін мақтанышпен айтып, Әлихандай ардақтымыздың есімін алып жүру,  оқушылар үшін үлкен абырой, биік мәртебе екендігін жеткізді.Бейресми бөлімін «Назғұмыр» би тобының «Рухани жаңғыру» композициясымен ашты.Оқушылар туған жерге,Отанға деген сүйіспеншіліктерін ән-жырмен жеткізді.

Мектеп-лицейдің мәртебесін биікке көтеріп жүрген шәкіттер  жетерлік. Түлектердің өмір жолы мектеп –лицей оқушыларына үлгі-өнеге ретінде 11 сынып оқушылары Қайратұлы Мәдисұлтан мен Несипбай Алуа жаңа оқу жылымен құттықтап, бүлдіршіндерге сәттілік тіледі.  1 сынып табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерде өз лебізін,өлең жолдармен өрнектеп, әнмен жеткізді.  «Назғұмыр»  кіші  бишілер тобының орындауындағы «Қоңырау» биі соңында  алғашқы қоңырау соғылды. Алғашқы қоңырау соғу құрметі 11-ші сынып түлегі, мектеп-лицейдің үздік , дарынды оқушысы Олжатаев Ержанға  және  мектепалды даярлық сыныбын үздік аяқтаған , Әлихан Бөкейханов атындағы мектеп-лицей табалдырығын алғаш аттағалы отырған 1 « В» сынып оқушысы  Абдиманап Мариямға   берілді.

 Білім әлеміне шын жүректерімен енуге құлшынып тұрған балғын бүлдіршіндеріміздің   қадамына сәттік тілеп,1- қыркүйек Білім күніне арналған «Мәңгілік ел» патриоттық актісі шеңберінде өтетін бірыңғай «Мен патриотпын!» атты  ерлік  сабақтары жалғасын тапты.Ата –аналар үшін шеберлік сынып сағаттары ұйымдастырылды.Әр сыныпта өткізілген ерлік сабақтары оқушылардың патриоттық рухын көтеріп, Отанға деген сүйіспеншілігін арттырды.