«Мектепке жол» акциясы

1 тамыз бен 30 тамыз аралығы Республикалық «Мектепке жол» акциясы қала орталығында "Әлихан Бөкейханов атындағы Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі"КММ - нің талантты оқушылары ұйымдастырушылығымен «Менің таңдауым-балаларға қамқорлық» атты концерттік бағдарламасымен басталды. №4 орта мектеп волонтерлары қала тұрғындарына, жеке кәсіпкерлерге аталмыш акцияға демеушілік беремін деуші тұлғаларға байланыс телефондары мен мекен-жайлары көрсетілген арнайы жадынамалар таратты. Қайырымдылыққа даналық, парасат, ақыл-ой тапқырлығы мен өткірлігі сезімталдық жатады. Адам өз ұрпағын қайырымдылыққа жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылуы қажет. Қайырымдылық акциясына ат салысыңыздар!