Жас түлектерге сәт сапар

2017-2018 оқу жылында мектеп – лицейді жас та жігерлі, ерекше дарын иелері - 28 түлек аяқтады. Осы түлектер арасында облыстық, республикалық олимпиада жеңімпаздары, биші, шебер актер, өнерлерімен танылған түлектер жетерлік.Оқу мен интеллектуалдық ерекше жетістіктер үшін «Алтын бала -2017» медалінің иегері атанған,«Алтын белгі» үміткері – Мурзабекова Лаураны және Ресейдің Самара қаласында өткен Халықаралық деңгейдегі «Спутник» жас инженер- зерттеушілер байқауының финалисі – Жақсыбеков Илиясты ерекше мақтан тұтамыз. Қалалық мектеп бітірушілердің «Үміт жолы» кешінде түлектер ерекше ықыласқа бөленіп,түлектер үшін ән шырқап, би биленді. Кеш мектеп – лицейде жалғасын тапты.10 сынып оқушылары түлектерді флэшмобпен қарсы алды.Түлектерге жалпы орта білім туралы аттестат табысталып,тілек айтылды.Жаңа дәуірде бәсекеге қабілетті де, білімді жастар ғана табысқа жетеді деген ұстаныммен болашаққа қадам басқан - жас түлектерге сәт сапар тілейміз!