Қазақстан Республикасының Рәміздер күні

                            4 маусым Қазақстан Республикасының Рәміздер                         күніне байланысты өткен іс-шаралар

Мектеп-лицей оқушылары, педагогикалық ұжым және «Балдәурен» жазғы сауықтыру орталығының демалушыларымен 4 маусым - Қазақстан Республикасының рәміздер күніне орай салтанатты саптық жиын ұйымдастырылды. Жиын барысында «Жас Ұлан» үгіт-насихат тобы рәміздер туралы айтып, өлеңдер оқылды.

 

 

Балдәурен сауықтыру орталығының демалушыларымен мектеп-лицейдің І қабатында «Біздің Ту», «Біздің Елтаңба» , «Біздің Гимн» атты «Білгірлер» сайысы өтті. Сайысқа «Болашақ» және «Қыран» топтары қатысып, рәміздер жайлы білімдерін толықтырды.

Тәрбиешілер бүлдіршіндерге Тәуелсіз ел үшін Рәміздердің маңызы туралы түсіндіріп, рәміздерде бейнеленген бейнелердің мән-мағынасына тоқталып, бүлдіршіндермен бірге патриоттық әндер шырқалды.