«Зияткерлер –ұлт болашағы»

«Зияткерлер –ұлт болашағы»

2018 жылдың 18 сәуір күні дәстүрлі Х «Зияткерлер –ұлт болашағы» атты форумы өтті. Форумның мақсаты : дарынды балаларды марапаттау, көшбасшы табысты мінсіз оқушыларды анықтау .Форумға ардагер ұстаздар, қамқоршы ата-аналар, мектеп-лицей ұжымы және көшбасшы, табысты оқушылар қатысты. Форумда командалық жұмыстың қорытындысы- үздік сынып ұжымдары, үздік шаңырақ топтары анықталып марапатталды. Халықаралық, республикалық ,облыстық деңгейдегі интеллектуалды ойындардан, пән олимпиадасы, ғылыми жобаларда жетістікке жеткен, өнер мен білімді қатар алып жүрген оқушылар яғни, табысты оқушылар және жыл оқушылары «Табысқа жеткен оқушылар -2018», «Жылдың табысты зияткерлері -2018» номинациялармен марапатталды. Бүгінгі форумда дарынды оқушыларды қолдау мақсатымен ардагер ұлагаты ұстаздар атаулы шәкіртақы тағайындады. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!