«Көшбасшылық –тәжірибені жетілдірудің құралы»

«Көшбасшылық –тәжірибені жетілдірудің құралы»

2018 жылдың 16 мамыры күні ДББҰ НЗМ тәжірибесін трансформациялау бойынша «Көшбасшылық –тәжірибені жетілдірудің құралы» тақырыбында қалалық ІІІ ФОРУМ өткізілді. Білім беру мазмұнын жаңарту болашаққа бағдарлану – педагогтардың білім беру мазмұнын жаңартуға бағытталған. Қазіргі білім саласындағы тәжірибе білім беру үрдісінің мазмұны мен оның ұйымдастырылуына жаңа көзқарасты қалыптастыру, білім берудің жаңа технологияларын меңгеру - оқушылардың білім алу бағдарын өз бетінше таңдауына негіз бола алады. 
Білім – елдердің бәсекелестікке қабілетті болуын қамтамасыз ететін ең тиімді әрі ұзақ мерзімді стратегия. 2016-2019 оқу жылдарына арналған Мектептің даму жоспарының IV стратегиясы ретінде «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ тәжірибесін тарату болып енгізілді. Балқаш қаласының мектептеріне НЗМ ДББҰ –нің тәжірибесін тарату үшін кадрлық, ақпарттық және ұжымдық-әдістемелік жағдай жасалуда. Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе қайта қаралуда. Жалпы білім беретін мектептерге НЗМ ДББҰ кіріктірілген білім беру бағдарлама идеясын жеткізу, тәжірибесін тарату және идеяларды іске асыру мақсатында 9 магниттік мектептермен бірге қаламыздың тәжірибелі мұғaлiмдерінің кәсiби-бaзaлық бiлiмдерiн негiзге aлып және жетiлдiре отырып, инновациялық педагогикалық технологияларды қажетті деңгейде қолдану арқылы білім мазмұнын жаңартуға бағытталған жұмыстар үшінші жыл жалғасуда. Биылғы оқу жылында ашық есік күндерде қаланың магниттік мектептері мақсатқа бағытталған заманауи сабақты жоспарлау, ҚМЖ, «LESSON STUDY» -сабақты зерттеуді қалай жүргізуге болады, білім мазмұнын жаңартудағы-критериалды бағалаудың тиімділігі, заманауи сабақты жоспарлауда оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері қалай қолданған тиімді, Сабақта саралау түрлерін қалай пайдаланамыз, цифрлық білім беру ресурстарын дамыту «Ақпараттық-коммуникативтік дағдылар», жаһандық әлемде өмір сүру үшін- үштілділік білім беру тиімділігі аспектілері аясында жұмыс жасап, бүгінгі ашық алаңда іс-тәжірибелерімен бөлісті. ДББҰ НЗМ тәжірибесін трансформациялауда магниттік мектептер арасында өткен «Көшбасшылық- тәжірибені жетілдірудің құралы» атты ІІІ форумда жыл бойы табысты нәтиже көрсеткені үшін магниттік мектептерге алғыс хат, координаторларға, қала мектептерінің мұғалімдеріне мадақтама, іс- тәжірибемен бөліскен әріптестерге сертификат берілді. Облыстық «ЗИЯТКЕР» мектебінің ұсынысы бойынша «Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі» КММ-сі екінші жағынан «ЗИЯТКЕР» мамандандырылған мектеп- интернаты ДББҰ НЗМ тәжірибесін трансформациялауда және үштілде білім беруді жүзеге асыруда серіктестікті нығайту үшін МЕМОРАНДУМ жасалды. 
Елбасымыздың биылғы Жолдаудың негізгі мазмұны қазіргі жаһандық жағдайда әлем елдерінің көшінен қалмай, ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін ғылыми-техникалық, ақпараттық-технологиялық білім салаларын дамыту және адами капитал – жаңғыру негізі екендігі айтылды. Сондықтан сындарлы ойлайтын, өз мүмкіндіктеріне сенімді; әр түрлі әлеуметтік және өндірістік проблемаларды өз бетінше шешуге қабілетті тұлғаны дайындау үшін оқытудың сапасын жетілдіру аса маңызды мәселе болып табылады. Осы мақсатта білім негіздерін өз еркімен үйренетін, іс-әрекет мақсатын, міндетін, түрін,тәсілін,жағдайын өзінше түсініп, алған білімін өмірде қолдана алатындай жағдайға оқушларды жеткізуіміз керек.