9 мамыр - мақтанышымыз бен естелігіміздің нышаны.

9 мамыр - мақтанышымыз бен естелігіміздің нышаны.
Бүгін қаламызда Жеңіс күніне арналған салтанатты митинг өтті. Қатысушылар ардагер, ата-әжелерін ардақтап, бейбіт өмір сыйлағандары үшін Ұлы Отан соғысында болған туған-туыстарының суреттері мен олардың есімдері жазылған тақтайшаларын ұстап «Бессмертный полк» акциясына да белсене қатысты. Мерекелік іс-шарада мектеп-лицей ұжымы «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қойып, қан майданда қаза тапқан батырлар рухына тағзым етті.