Мектеп күні- 2018

Мектеп күні- 2018
2018 жылдың 19 сәуірі күні «Қазақстан жаңғыруы 3.0.- білімнің үлесі» тақырыбында дәстүрлі мектеп күні өтті. Келген қонақтардыі біздің мектеп-лицейдің «Startup» «Жасыл мектеп» жобасының 10 жыл толуы қарсаңында 10 сынып көшбасшылары 1 сынып оқушыларына мектеп ауласындағы «қылқаланды ағаш», «қарағай» ағаштарының төлқұжатын табыс ету рәсімімен қарсы алып, І қабаттағы көшбасшы оқушылары «Жасыл мектеп» жобасының 4- ші кезеңі экономикалық табыс үшін қолданылатын «Агрохакотон» жобасын ұсынды. І блокта «Отаным-тағдырым» бағытын іске асыру мақсатында «Мен- өз Отанымның париотымын!» тақырыбында 6-8 сынып оқушыларымен әскери патриоттық танымдық ойын ұйымдастырылды. ІІ блок «Сөз-тілдің көркі» деп аталып, «Шабыт» жобасын жүзеге асыру мақсатында Ғ.Мүсіреповтың 115 жылдығына орай «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» драмасы қойылды. Әдеби-сахналық қойылымдағы рөлдерді 9-10 сынып оқушылары ойнап шықты. Сонымен қатар мектеп-лицейдің кіші спорт залында «Сандық технология алаңы», «STEM білім беру» тақырыптарында дәстүрлі таңдау курстарының көрмесі ұйымдастырылды. Бұл көрмеге мектепалды даялық тобы, 1-11 сыныптар, серіктес колледждер,кафедра жұмыстарының өнімдері қойылды. 2 қабатта дәстүрлі «Гүлзар» фестивалінің 10 жыл толуына орай мектеп-лицей оқушыларының табиғи өнімдерден жасалған көрмесі көрсетілді. «Өрле, Қазақстан!» атты ІІІ блокта «Туған жер арнайы жобасы аясында «Астана Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі» атты көркемөнерпаздар концерті тарту етілді. Концертті «Шабыт» домбыра студиясы «Балдырған» күйімен ашып, мектепалды даярлық сыныбынан «Шашу» би тобы «Ұлытау-ұлт ұясы» биін биледі. «Туған жер» сазды музыкалық композициясы қойылды. Астанамыздың 20 жылдық мерейтойына арнап «Астана» әні айтылып, «Астана» көркемсөзі оқылды. «Ақжелкен» ер балалар хоры «Атамекен» әнін орындады. Концерт соңында «Назғұмыр» бишілер тобының «Мерейлі Астана» музыкалық сюжеттік композициясымен жабылды. Концерттік бағдарламаның жүргізушілері «Көшбасшы оқушылар мектебінің» көшбасшылары, «Жас париоттар» медалінің иегерлері 9А сынып оқушысы Ерғали Әсем, 8 Ә сынып оқушысы Мағаз Адай, «Жас ұлан» ұйымының көшбасшылары 6А сынып оқушысы Өмірбаев Ясин, 5 Г сынып көшбасшысы Акбөкеева С.