«Өмірі бізге үлгі-өнеге» атты дәстүрлі «Зиялы сенбі» кездесуінің ақпараты

«Өмірі бізге үлгі-өнеге» атты дәстүрлі «Зиялы сенбі» кездесуінің ақпараты

Балқаш қаласының 80- жылдық мерейтойы аясында және ұстаздар мерекесі қарсаңында өткізілетін «Өмірі бізге үлгі-өнеге» атты дәстүрлі «Зиялы сенбі» кездесуінің ақпараты

2016-2017 оқу жылынан бастап мектеп-лицейде ардагер ұстаздарды құрметтеу дәстүрге айналған.  Осыған орай  23.09.2017 күні дәстүрлі

 «Зиялы сенбі» кездесуі өтті. Кездесудің қонағы Балқаш қаласының «Құрметті азаматы» атағының иегері, Қазақстан Республикасы суретшілер одағының мүшесі Әбеу Өміргелді Мұхтарұлы. Кездесуді педагогикалық ұжым, «Көшбасшылар» мектебі, «Ұлағат» әкелер мектебі және «Серілер» ұлдар клубы ұйымдастырды.