«Астана аллеясында» барлық қала мектептеріндегі мектепке дейінгі ұйымдарда «Кел, ойнайық балақай!» атты спорттық ойын сайысы өтті

«Астана аллеясында»  барлық қала мектептеріндегі мектепке дейінгі ұйымдарда «Кел, ойнайық балақай!» атты спорттық ойын сайысы өтті

«Туған күніңмен, Балқаш!». 16 қыркүйек  Балқаш қаласының 80 жылдық мерейтойына орай «Астана аллеясында»  барлық қала мектептеріндегі мектепке дейінгі ұйымдарда  «Кел, ойнайық балақай!»   атты спорттық ойын сайысы болып өтті.

Мақсаты: Оқушыларды Ұлы дала елін  сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз  елінің  тарихын білуге , бай — қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған  еліне,  жеріне   деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту

Мектеп жасына дейінгі балаларды салауатты өмір сүруге қызығушылығын арттыру. Спортпен айналасудағы әртүрлі дене шынықтыру жаттығуларының әдістерін үйрену, ұлттық ойындарды жаңғырту, оларды қолдану. Салыстыру арқылы балалардың ой-өрісін дамыту. Ата-аналардың балабақшамен, мектеппен тығыз байланысын дұрыс жолға қою және ойындарға ата-аналардың белсене қатысып, ынтымақтаса жүргізілген жұмыстың нәтижелі болатындығын көз жеткізу. 

Қорыта келе, әрқашанда бірге болуымыз керек, бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Бір шаңырақ астында тату өмір сүруіміз керек.  Мектепте  болып жатқан әр түрлі шаралардан қалыспауға, өзіміздің үлесімізді қосуға ұмтыламыз. Қазақ халқының дәстүрін, тілін құр­меттеп, еліміздің өсіп-өркендеуі жолында тынбай еңбек еткенде ғана, еліміз де көркейіп, гүлденеді.