«Мысшылар күні»

«Мысшылар күні»

17.07.2017ж «Балқаш қаласының № 15 мектеп-лицейі» КММ

«Балдәурен» жазғы сауықтыру орталығының III-кезеңі өзінің екінші күнгі жұмысын жоспар бойынша орындады. Балалармен «Мысшылар күні» туралы сұхбат жүргізіліп, мыстың туған қалалары «Балқаш» қаласының зауытынан шығатынын және ол жерде мыс шығарушы қызметкерлерді мысшылар деп атайтыны, оларға арналған арнайы мерекелік күннің бар екені айтылды. Сонымен қатар, демалушылар «Менің өлкемнің табиғаты» деген тақырыпта шығарма жазу арқылы өздерінің туған өлкелеріне деген сүйіспеншілігін жеткізе алды.