«Балдәурен» жазғы сауықтыру орталығының ІІ-кезеңінің ашылу салтанаты.

«Балдәурен» жазғы сауықтыру орталығының  ІІ-кезеңінің ашылу салтанаты.

22-маусым күні №15 мектеп-лицейі жанынан ашылған «Балдәурен» жазғы сауықтыру орталығының  ІІ-кезеңі өз жұмысын бастады. Сауықтыру орталығының ашылуында демалушылар әр түрлі әндер шырқап, би билеп, ертегі кейіпкерлері Мыстан кемпірдің тапсырмаларын орындай отыра  Ертегілер еліне саяхат жасады. Сонымен қатар демалушыларымыз топ тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен «Кел танысайық» ойын тренингіне қатысып , жаңа достарымен  жақынырақ танысып тіл табысты. «Балдәурен» жазғы сауықтыру орталығының демалушыларын  бұл кезеңде қызықты да есте қаларлық сәттер күтіп тұр.