«Нептун күні»

«Нептун күні»

19 маусым  күні «Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі» жанындағы  «Балдәурен» сауықтыру орталығында «Нептун күні» атты мерекелік іс-шара өтті. Мерекеніңбасты мақсаты – оқушыларға су тіршілік көзі екенін үйрету. Суда жүзу ережесін сақтай отырып, оқушылардың қимыл-қозғалысының икемділігін, шапшаңдығын арттыру. Балалардың қызығушылығын артыру үшін Нептун, қарақшылар, су перісі киімдерін киді. Балалар бұл мерекеде түрлі ойындар ойнап, шағын қойылым ұсынды.