«Балдәурен» сауықтыру орталығында «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,табиғаттың оны айтуға тілі жоқ» атты тақырыпта сурет салу байқауы болып өтті.

«Балдәурен» сауықтыру орталығында «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,табиғаттың оны айтуға тілі жоқ» атты тақырыпта  сурет салу байқауы болып өтті.

16.04.2017күні «Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі» жанындағы  «Балдәурен» сауықтыру орталығында «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,табиғаттың оны айтуға тілі жоқ» атты тақырыпта сурет салу байқауы болып өтті. Байқаудың басты мақсаты – жас буынды шығармашылық қабілеттерін тереңдету, сурет салуға деген қызығушылықтарын арттыру, эстетикалық талғамын, әр тақырыпты аша білу танымын дамыта отырып, әдемілікке, әсемдікке тәрбиелеу. Мектептің оқушылары қатысып, еркін тақырыпта өз ойларын әсем безендірілген алаңда  түрлі-түсті бояулармен суреттер салды. Байқауға қатысқан оқушылардың суреттері бір - бірінен әдемі, көркем бояулармен боялған. Сонымен қатар, әр топ тобына ат қойып, әр салған суреттерін ашып қорғай алды, және А.Т.Оразан салынған суреттерді критериалды бағалап, өте жақсы салынған суреттерге алғыс айтып,  балаларды мараппаттады. Сонымен қатар  балалар қалашығына барып,әр-түрлі ойындар ойнатып балаларға тәті балмұздақтар таратылды.