«Қазақстан –мейірімділік мекені» атты республикалық балалар бастамасы бойынша өткізілген қайырымдылық акциясының ақпары

   «Қазақстан –мейірімділік мекені» атты республикалық балалар  бастамасы бойынша  өткізілген   қайырымдылық  акциясының ақпары

Мектебімізде 2019 жылдың 25-қаңтарында    «Өзгеге мейірім сыйла!» тақырыбымен қайырымдылық іс шара болып өтті. Акция аясында азқамтылған отбасынан шыққан оқушыларға қайырымдылық көмек көрсетілді. Кез келген бала жасөспірімдік кезеңді бастан өткереді. Ол кезең адамның мінезін өзгертіп, шыдамсыздықтың орын алуына әсер етеді. Сол кезде бала ата-ана қамқорлығы мен мұғалімнің, туған-туыстың назарына, көмегіне зәру болады. Сол сәтте дұрыс жол ұсынып, өмірдің қызыққа, бақытқа, шаттыққа толы екенін түсіндіруіміз керек. Қайырымдылық акциясына ата-аналардың көмек ретінде берген    оқу құралдары   азқамтылған отбасы балаларына және қамқорлықтағы оқушыларға көмек ретінде берілді.