«Сүйікті қалам-Балқашым» атты сурет салу байқауы

«Сүйікті қалам-Балқашым»  атты  сурет салу байқауы

18.01.2019ж. күні  «Сүйікті қалам-Балқашым»  атты  сурет салу байқауы өткізілді.

Ұйымдастырушы сурет және бейнелеу өнері пәні мұғалімі:К Мырзахметова

Қатысушылар: 6-8 сынып оқушылары арасынан 11 оқушы қатысты.

Мақсаты: оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру және туған жердің әсемдігін көре отырып, бейнелеу арқылы жеткізу.

Байқаудың ережесімен және әділ қазылар алқасымен жүргізушілер таныстырып өтті. Байқауды екі жүргізуші туған жер және бейнелеу өнері туралы өлең шумақтарымен  ашты.

Әділ қазылар алқасы:

1.Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Әлкей Т.Б

2.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Алпысбаева А.С

3.Бастауыш сынып мұғалімі:Хасен А.

Байқау ережесі бойынша оқушылар 90 минут ішінде сурет салып аяқтады.

Нәтижесінде 1-ші орынмен 8Б сынып оқушысы-Еркебұлан Адель,2-ші орынмен 8А сынып оқушысы-Оразай Эльнура және  6Асынып оқушысы-Жұмабек Қарақат, 3-ші орынмен 8Б сынып оқушысы-Сағат Аяулым, 7Ә сынып оқушысы- Мажитов Расул марапатталды.