Жас ұландықтармен кездесу туралы ақпар

Жас ұландықтармен кездесу туралы ақпар

          «Еліміздің жарқын болашағы болар жас ұрпаққа терең, мазмұнды білім беру мен ұлтын сүйер патриот азамат етіп тәрбиелеу – бүгінгі алға қойылған басты міндет. Ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушысы, оның ішінде біздің ұландықтар да бар.  Жалпы білім беретін №8 орта мектебінің  ұлан сыныптарының  тәрбиеленушілері  бүгінгі күні  қарағанды және Астана қаласының Республикалық  «Жас ұлан» мектебінің тыңдаушылары болып отыр. 2018-2019 оқу жылында  10- сыныбына қабылданған Ахмет  Есенгелді, Нұрдәулет Мұрат және Аңсар Жандарбек  осы  атлаған мектеп тыңдаушысы болып, алғашқы демалыстарына  шыққан кезінде бірден өздері 5- сыныптан бері  тәрбиеленген мектебіміздегі  ұлан сынып оқушыларымен кездесуге асыққандарын жасырмады. Оқу жылы басталғалы төрт ай өтті. Олар алғашында әскери тәртіпке, ұланның өміріне үйренісу оңай болмағанын айтты.Әскери мектептің тәртібіне екі айдың ішінде дағдыланып кеттік. Тіпті, бойымыздағы Отанға деген сүйіспеншілік артып, ер азамат ретінде туған жерімізді қорғауға құлшыныс пайда болды дейді .,  

       Осы аталған мектептің 11- сыныбын  5- ұлан жалғастырып отыр. Олар да  «Жас ұлан» мектеюінің 11- сыныбын тәмәмдаған соң  осы  әскери бағытта оқуларын жалғастырмақ екен. Жас ұландықтар өздері қалаған  оқу орнына түсіп, білікті маман болып, ата-аналарының  және Отанның алдындағы борыштарын өтегісі келеді. Іс шара соңында Ұлан сыныптарының  жетекшілері Т.Еримбетов, А.Отарбаев, А.Дәкәрім кешегі ұлан сыныптарының  бітірушілеріне жүрекжарды лебізін білдірді.