ЖББ беретін №8 орта мектебінінің

«Ризашылық» - «Балалардың игілігі үшін мейірімділік» атты қайырымдылық мерекесінде өткен іс-шара ақпары 

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының ұсыныс хатына сәйкес «Ризашылық» - «Балалардың игілігі үшін мейірімділік» атты қайырымдылық мерекесі аясында ЖББ №8 орта мектебінде 6 желтоқсан күні 1-4 сыныптар арасында «Жүректен жүрекке», «Шаттық пен ізгілік шеңбері» тақырыптарында сынып сағаттары және мектеп психологі мен әлеуметтік ұстаз 5-7 сыныптар арасында «Сүйіспеншілік пен қамқорлықты сыйлау», «Алғыс – жүректің  естелігі» атты тақырыптарда тренингтер өткізді. Мақсаты: Ата-аналар мен балалардың бойларындағы адамгершілік, қайырымдылық, сүйіспеншілік, ізгілік, инабаттылық, ақылдылық, әдептілік қасиеттерін ояту.