«Әлемге күлкі сыйлайық!» қайырымдылық акциясы

«Әлемге күлкі сыйлайық!»  қайырымдылық  акциясы

    Мектебімізде 2018 жылдың 30 қарашасында  Дүниежүзілік балалар күніне арналған онкүндікке байланысты «Әлемге күлкі сыйлайық!»  қайырымдылық акциясы болып өтті. Бұл акцияның мақсаты – Қайырымдылық асыл қасиет , осы қасиетті бала бойына сіңіру, бір-біріне қол ұшын созу, көмек көрсету, адамгершілік қасиеттерін арттыру, балаға  қуаныш сыйлау.  

Қайырымдылық акциясына ата-аналардың көмек ретінде берген    оқу құралдары   азқамтылған отбасы балаларына және қамқорлықтағы оқушыларға берілді. Барлығы 19 оқушының әрқайсысына 1000 тг. көлемінде  оқу-құралдары (дәптерлер, сурет альбомы, краска, түрлі –түсті қарындаш, жай қарындаш, қалам, өшіргіш, қалың дәптерлер, пенал, дәптер қаптағыш) берілді.   Оқушылардың жүздерінде  қуаныш ұялап, ризалықтарын білдірді. Ата-аналардың да осындай  шараға бей-жай қарамайтындықтары қуантады.