«Сен өз агрессияңды қалай жеңесің?», «Мен қиындықты жеңемін»

«Сен өз агрессияңды қалай жеңесің?», «Мен қиындықты жеңемін»

        Жалпы білім беретін №8 орта мектебінің 8-11 сынып оқушыларына ҚР Білім және ғылым министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитеті тапсырысы бойынша әзірленген «Сен өз агрессияңды қалай жеңесің?», «Мен қиындықты жеңемін» тақырыптарында бейнеролик көрсетілді. Мектеп психологі Абдуалиева Замза Нургазиевна оқушылардың видео көрсетілімге дейінгі және видео көрсетілімнен кейінгі ойларын анықтады.Оқушылардың агрессия кезінде өз эмоцияларын басқаруға, өмірде кездескен қиын  жағдайларды жеңуге бағытталған алдын алу шарасы ретінде  сауалнама алынып, эссе жазылды. Жасөспірімдер өз ойларын ашық жеткізе білді.