"Мен әлемге қажетпін"

Қараша айының 28- ші жұлдызы күні 5-6 сыныптар арасында "Мен әлемге қажетпін"атты презентация байқауы өтті.  

 Байқаудың мақсаты:

1. Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын оятып,"Power Point" бағдарламасымен жұмыс жасауды үйрету.

2.  "Power Point" бағдарламасы арқылы оқушылар өз жасаған жұмыстарын ортаға салып, әділ қазылар алқасы мен оқушылардың алдында қорғауды үйренеді.

3.    Бұл байқау оқушыларға "Power Point" бағдарламасының маңыздылығын, оқу жүргізу барысындағы қажеттілігін түсіну мақсатында жүзеге асыру.

   Әр сыныптан оқушылар өз еріктерімен қатысты. Қатысушылар  "Power Point" бағдарламасы арқылы  "Мен әлемге қажетпін"тақырыбына әркім өзінің  презентациясын  жасап, қаншалықты бағдарламаны меңгергендігін көрсете алды.                Презентация жасау барысында мұғаліммен тікелей қарым-қатынаста болып, білмегендерін сұрап, барынша өз түсінгендерін толықтай жеткізе алды.

Байқау қорытындысы бойынша оқушылар I, II, III, жүлделі орынмен марапатталды. Әрқайсысына тоқтала кетсек:

 I орынды Құсайнов Айбар 6в сынып оқушысы

II орынды Айдарбек Ислам 6ә сынып оқушысы

III орынды Ләткен Темірлан 5ә сынып  оқушысы -  алды.