Елбасының жаңа мақаласына талдау жасалынғаны туралы ақпар

Елбасының жаңа мақаласына талдау  жасалынғаны туралы ақпар

Қараша айының 22 күні мектепішілік лездемеде  Елбасының 21-қараша күні  «Ұлы даланың жеті қыры»  атты мақаласы шыққандығы туралы айтылды. Қазақ тілі пәнінің  мұғалімдері А.Артықбаева , Г.Айтқұлова және тарих пәні  мұғалімі А.Бакишева оқушыларға  Елбасы мақаласы туралы пікірлерін білдірді. Елбасының жаңа мақаласы бүгін туа қалған дүние емес. «Ұлы даланың жеті қыры» ұзақ жылдарғы тереңнен қозғалған ой толғанысының, толассыз ізденістің, қажырлы қайраткерлік еңбектің, көшбасшылық қасиеттің, қиян асуда қия баспай өркениеттің өскелең жолын таба білерлік даналықтың нәтижесі. Біздің xалқымыз сақтардың, ғұндардың, түркі этникалық топтарының мұрагері. Біз өзіміз үшін айқындалып алумен қатар бар әлемге xабар бердік.

Елбасымыздың  жаңа мақаласы ұрпақтың  ұлттың рухани санасына жаңа серпіліс береді.
Алдағы уақытта   оқушыларға осы мақала туралы сынып сағаттарында толық танысатын болатындығы ескертілді.