Дін орталығының мамандарымен кездесу өтті

Дін орталығының мамандарымен кездесу өтті

             2018 жылдың 17 қараша  күні жалпы білім беретін №8 орта мектебі   8-11- сынып оқушыларына   «Балқаш қаласының  конфессия аралық қатынастар  мәселелерін зерттеу және талдау орталығы»  КММ мамандарымен  кездесу өтті.

       Кездесу барысында білікті мамандар мектеп оқушыларына  дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтану жолдарын толық түсіндіріп өтті.

         «Жат ағымның зардаптары» жайында теолог  Әбдіқадыр  Давидұлы Сейтқали және  ақпаратты түсіндіру тобының  мүшесі бактыбай екпінбайұлы  Садуев кеңінен тоқталып, жан-жақты түсіндіріп өтті.  Жат ағымдар туралы деректі фильмі оқушылар мен ұстаздарға көрсетілді.

          Кездесу соңында оқушылар түрлі сұрақтар қойып, қонымды жауаптар алды.Сұхбат барысында жат ағымды ұстанушылардың жастарды өз тараптарына тарту жолдарын түсіндіріп, олардан сақтану жолдары мен әлеуметтік желілерді қолданудың пайдасы мен зияны туралы толық ақпарат берілді.