IT кабинеті ашылуы

IT кабинеті ашылуы

Бүгін, қараша айының 9 – да Балқаш қаласы Жалпы білім беретін №8 орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде IT кабинеті ашылды. Бұл, оқушылардың дарынын ұштап, сандық технологиялар бағытындағы білімін арттыруға жол ашпақ. Жоба "Нұр Отан" партиясының бастамасымен қолға алынды.
Елбасының биылғы Жолдауында білім беру жүйесін цифрландыру талаптарына бейімдеу қажеттігі айтылған. Бұл міндетті жүзеге асыруда цифрлы технология кабинеті үлкен көмек болмақ.
Бүгінде барлық әлем цифрлық технологиялармен тікелей байланысты. Бұл кабинет мектеп оқушыларын ғылыми – зерттеу және инженерлік – технологиялық ортаға бабаларды тартуға мүмкіндік бере отырып, тың идеялар мен жаңа ізденістерге жол ашады. Класс - заманауи 21 компьютер, 3D принтер, жоғары жылдамдықтағы интернет және қажетті веб-бағдарламалармен жабдықталған. Мұнда оқу америкалық STEM әдісі бойынша жүргізіледі. Инновациялық технологияны игеруге икемі бар жас таланттар білімін арттырып, шеберлігін шыңдап, түрлі байқауларға дайындалуға мүмкіндік алады.
Қазірдің өзінде мұндағы балалар түрлі сала бойынша жұмыстарын бастап кетті. Мәселен, 5 – 7 сынып оқушылары болашақта дизайнер және жобалаушы болуды армандай отырып, scratch, sketchUp, Creo parametric программаларымен жұмыстарын бастап кетті. Ал 8 – 11 сыныптардағы оқушылар photoshop, Sony Vegas Pro, Corel Draw, AutoPlay программаларымен өз шығармашылықтарын шыңдауда.