«Ауылдағы он күн»

«Ауылдағы он күн»

      Жалпы білім беретін №8 орта мектебінің оқушылары атқаратын арнайы жобалардың бірі – «Ауылдағы он күн» әлеуметтік жобасы. 2018-2019 оқу жылы қарашаның 9-ы күні 6-7 сынып оқушылары арасында «Ауылдағы он күн» әлеуметтік жобасы өткізілді.  Жобаның мақсаты:

*Болашақта ауыл шаруашылығын жетілдіретін ұрпақ тәрбиелеу;

• Баланың жан-жақты болуын қамтамасыз ету;

• Ауыл тарихы мен тіршілігіне деген құрметті арттыру.

Бұл әлеуметтік жобаға қатыса отырып оқушылар бойында :

      Қалада өскен балалар үшін «ауыл» түсінігін қалыптастырады.

      Баланы еңбекке баулиды.

       Түрлі өзге әлеуметтік жобалардың негізін қалауға көмектеседі.

     Жобаға барлығы 9 оқушы қатысты.    Оқушылар күзгі демалыс кезінде ауылда өткізген күндерін  қызықты баяндады. Жоба жеңімпазы  6В сынып оқушысы Мағрұп Илияс атанды.