«Менің әкемнің жұмысындағы бір күн»

«Менің әкемнің жұмысындағы бір күн»

        Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде  2018 жылдың 09-қараша  күні  4-7  сынып оқушыларының арасында «Менің әкемнің жұмысындағы бір күн» әлеуметтік жобасы өткізілді.  Жобаға 7Б сыныбынан Наурызбаев Жасұлан, 4Ә сынып оқушысы Нышан Альмира, 5Ә сынып оқушысы Тұрсын Әділет, 5В   сынып оқушысы  Дүйсен Ағнұр қатысты. Жобаның  өткізілу ережесі бойынша  қатысушылар фото-презентация әзірлеп,    әкесінің жұмысындағы  өткізген бір күн туралы   жазған жобаларымен  таныстырды.  Жобаға қатысушы оқушылар әкелерінің жұмысымен таныса отырып, әр мамандықтың қыры мен сырын түсіне отырып,  әр іс жауапты екенін, сондықтан алдағы уақыт та  әкелерінің  қызметін құрмет тұтатынын жеткізді.   Ең үздік жоба номинациясын  4Ә сынып оқушысы Нышан Альмира жеңіп алды.