Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Ұлан» әскери-патриоттық қозғалысы» жобасы бойынша өткізілетін қалалық «Зарница» әскери-спорттық ойыны

Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы  «Ұлан» әскери-патриоттық қозғалысы»  жобасы  бойынша  өткізілетін  қалалық «Зарница» әскери-спорттық ойыны

Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы

«Ұлан» әскери-патриоттық қозғалысы»  жобасы  бойынша  өткізілетін  қалалық «Зарница» әскери-спорттық ойыны 

          Білімі мен тәрбиесі ғажайып үндескен, сананы  рухани жаңғырту мақсатында жалпы білім беретін №8 орта мектебінде  өткен оқу жылынан бастап "Ұландар " әскери патриоттық қозғалысы атты жоба  қолға  алынып, қала мектептерімен  бірлескен бірнеше іс- шаралар жоспарланып атқарылып  келеді.  2018 жылдың 7-қазан күні   «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру және  өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу мақсатында, «Ұлан» әскери -патриоттық қозғалысы»  негізінде қалалық білім бөлімі , Ішкі саясат бөлімі және «Балқаш қаласы Ауғанстан       соғысы  мүгедектері  мен ардагерлері бауырластығы»      ұйымымен  бірлескен  іс-шара  «Зарница» әскери-спорттық ойыны  өткізілді.  

          Зарница әскери-спорттық ойыны кешенді жарыс болғандықтан, командалар толық құраммен кедергілерден өтіп, мәреге жетіп жүлделі орындарға ие болды.1-орынға ЖББ№10 орта мектебі, Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі 2- орынмен марапатталса, 3- орынға ЖББ№8  орта мектебі ие болды.

 Сонымен қатар, «Үздік мерген» (Әлібек Мирас №8ОМ), «Үздік гір тасын көтеруші» (Тарасов Владислав), «Үздік командир» (Қоңыров Дарын №8ОМ), «Үздік арқан тартушы топ» (БГТК командасы), «Үздік газтұмылдырық киген  топ» (БГТК командасы), «Үздік автоматшы» (Боқай Асылмұрат №8ОМ), «Үздік  оқжатар жинаушы» (Коптель Никита №10 ОМ) сияқты номинациялармен марапатталды. Жеңіске ие болған  топтар мен оқушыларға  «Балқаш қаласы Ауғанстан       соғысы  мүгедектері  мен ардагерлері бауырластығы»      ұйымы атынан  мақтау қағаздарымен  және сыйлықтар табысталды. Жарыс соңында естелікке суретке түсіп, бүгінгі жеңістері осылай  аяқтады.