«Тіл тұтастығы-ел тұтастығы» атты тіл мерекесі

«Тіл тұтастығы-ел тұтастығы» атты тіл мерекесі

2018-2019 оқу жылында жалпы білім беретін №8 орта мектебінде өткізілген «Тіл тұтастығы-ел тұтастығы» атты тіл мерекесіне орай өткізілетін іс-шаралардың ақпары


Мектебімізде 05.09-12.09 аралығында «Тіл тұтастығы-ел тұтастығы» апталық өтті.Бірінші күні апталықтың салтанатты ашылуы аталып өтті.Бұл апталықтың өтуіне қазақ,орыс,ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері ат салысты. 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №698 «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, 5 қыркүйек, яғни Ахмет Байтұрсынұлының туған күні болып бекітілуінебайланысты мектебімізде «Тіл тұтастығы – ел тұтастығы» атты салтанатты жиынның ашылу салтанаты өткізілді. 
Салтанатты жиынымыз әнұранымызды орныдаумен басталды. Мектеп директорына құттықтау сөз беріліп, оқушыларданқұрылған агетбригада латын әліпбиіне көшу,оның маңыздылығы туралы айтып кетті. Оқушылар үш тілде тілдер мерекесімен құттықтап өтті. Сонымен қатар 11А сыныпоқушысы – Қайдарова Мадина Ахмет Байтұрсынұлы туралы баяндамасымен таныстырды.
Сондай-ақ , «Қазақтілім –мақтанашым» атты бейнеролик жүргізілді. Ол бейнероликте туған тіліміздің тарихы көрсетілді . Руна жазуынан осы латын әліпбиіне көшуіне дейін қамтылған. Оқушылар мен ұсдаздар үшін ерекше танымдық әсер қалдырды.
Мектеп кітапханасында «Тіл –асыл қазына» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. 
06.09 күні бастауыш сыныптар арасында ақындар шығармаларынан мәнерлеп оқу сайысы өтті.Бұл сайыста оқушылар өздеріне ұнаған ақын-жазушылардың өлеңдерінен,жазушылардың шығармаларынан үзінділер оқыды.Сайыс соңында жеңімпаздар анықталып,марапатталды. 
08.09 күні ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері А.С.Оспанова мен З.С.Бигельдина «The cleverest» сайысын өткізді. Бұл сайыста оқушылардың ағылшын тілінен алған білімдері сынға түсті.Сайыс соңында жеңімпаз анықталды.
09.09 күні «Тіл халықтың байлығы» тақырыбында іс шара ұйымдастырылды. Бұл байқаудың мақсаты оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру,өз ойларын көркем тілмен жеткізу және көркем сөз оқу шеберліктерін шыңдау. Сайыс «Бір қоянды екі оқпен ату», «Мақалды шаш, жина» деген бөлімдерден тұрды. 
10.09 күні «Латын әліпбиі- заман талабы» тақырыбында дебат өткізілді. Оқушылар латын әрпіне көшудің маңыздылығын баса айтты. 
11.09 күні «Тіл түрлендірген Ахаң» А.Байтұрсынов шығармаларына арналған поэзиялық кеш. атты әдеби-сазды кеш өткізілді.Кеште оқушылар өздерінің осы ақындарға арналған ізденіс жұмыстарын көрсете білді.Оқушылар өздерінің ақындарға арнап шығарған арнау өлеңдерін оқыды.Кеш соңы поэзия сағатына ұласып,ақынның өлеңдері оқылды.