«Жыл оқушысы-2018жыл» байқауының қорытындысы

«Жыл оқушысы-2018жыл»  байқауының  қорытындысы

    2018 жылдың 22 мамыры күні  мектебімізде     «Жыл оқушысы-2018 жыл» байқауының қорытындысы шығарылып, байқау жеңімпаздары  марапатталды.Мектебімізде  71  үздік  283  оқу озаты болған оқушылар  бүгінгі форум қатысушылары  болды.  Форум барысында  «Жыл оқушысы», «Дарынды оқушылар»,   «Үздік сынып», «Үздік ұлан сыныбы» және  жыл белсенділері номинациялары бойынша  марапатталды. 2017-2018 оқу жылының 4 тоқсан рейтінгісі бойынша жоғарғы көрсеткіш көрсетіп, жыл  қорытындысында    «Үздік сынып » номинациясына ие болғаны  үшін 10 «А» және 5А   сыныптарына сый табысталды."Жыл спортшысы" номинациясымен  9Ә сынып оқушысы Есенгелді Ахмет, «Жыл  патриоты» 8Ә сынып  оқушысы Сагимбеков Диас ,  «Жыл дарыны» номинациясымен 10 А сынып  оқушылары Оңғарсынова Малика мен Акимжанова Дильназ марапатталса, «Жыл оқушысы-2018»  байқауында 3- орынға ие болған  8А сынып  оқушысы  Серикова Алина, 5А сынып  оқушысы Срауханова Аяулым жүлделі 2- орынмен марапатталды. 7А сынып оқушысы  Таңатова  Аяулым 1- орынға ие болып,  11- сынып  түлегі Қордабаев Ерсултан  «Жыл оқушысы» номинациясымен марапатталды. Сонымен қатар, мектеп мақтаныштары,  мектепішілік, қалалық мәнерлеп оқу байқауларының  бірнеше мәрте  жеңімпаздары 8б сынып оқушысы Қалиасқарова Аружан 6В сыныбы оқушысы  Мукарам Инабат  8Ә сынып  оқушысы Мамашев Дулат 7Б сынып  оқушысы  Ахметжанов Алихан шақырылып марапатталды. Бүгінгі марапаттарды мектебіміздің алдыңғы қатарлы ұстаздары мен демеушілік  білдірген «KEMEL education center»  орталығының  сыйақысын   орталық  директоры Мәсәлім Тілек Қайырқанұлы  табыстады. Мектептің барлық  қоғамдық жұмыстарымен қатар, пән олимпиадаларына, ғылыми жобалар қорғауда белсенділік танытқан  оқушыларымызбен  біз мақтанамыз.