Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде ұландар сыныбының "Соңғы қоңырау" салтанаты мен ұландар балы өткізілгені туралы ақпар

Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде ұландар сыныбының

   2017-2018 оқу жылының 18 мамыр күні мектебімізде 9Ә сыныбының,  яғни ұлан сыныбының  "Соңғы қоңырау" салтанаты мен  ұландар балы  өткізілді.  Жиын №53898,31765,44803 әскери бөлімдерінің  өкілдері мен әкелер кеңесі мен "Аналар" мектебінің мүшелері, қалалық  ардагерлер кеңесінің  төрағасы Т.Жұманов пен  корпорация  «Казахмыс»  ардагерлерніңі  төрайымы Б.Уалиева, сонымен қатар, бірқатар БАҚ-өкілдері келді. 9Ә сынып  ұландарына  2017-2018 оқу жылы аралығында  ұлан сыныптарында білім алып, арнайы бағдарламаларды  меңгергені  үшін  сертификаттар табысталды. Мерекеде  қатысушы қонақтар ардагерлер кеңесінің  төрағасы Т.Жұманов пен №31765 әскери бқлімінің командирі Д.С.Ақбөкеев  ұландарды  бүгінгі мереклерімен құттықтап, жылы лебіздерін  білдірді. Мектеп директоры А.Токейбекова   өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм  рухында тәрбиелеп, ұландар бойында  азаматтық міндетті қалыптастыруға үлес қосқаны үшін  №31765, 53898 әскери бөлімдерінің   командирлеріне алғыс хат табыстады. Ұландар туымен  қоштасып, «Ана-әке»  әнінің  әуенінде аналарымен вальс биледі.  Ұландардың  соңғы қоңырау мерекесіне  қалалық мәдениет үйінен «Хан» тобы «Толғау»,«Астана» әнін шырқаса, ұландар  дефиле  көрсетіп көрермендердің көңілінен шықты.    
   Мерекенің  ІІ бөлімі ұландар балымен жалғасты. Вальс бастауы «Полонез» биімен бал қатысушылары  шеру жасап, 19 ғасырда  бастау алған «Полька», Вен вальстарын  биледі. Дәстүрлі  мереке мектеп ауласынағы   ұландар аллеясына  көшет отырғызумен аяқталды.