Жалпы білім беретін №8 орта мектебінің Дүниежүзілік отбасы күніне орай өткізілгеніс-шаралар ақпары

Жалпы білім беретін №8 орта мектебінің Дүниежүзілік отбасы күніне орай өткізілгеніс-шаралар  ақпары

  Мектебімізде Дүниежүзілік отбасы күніне орай оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдауға, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу. Отбасы  құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу мақсатында 14-16 мамыр аралығында арнайы жоспар құрылып іс-шаралар өткізілді.Мектебіміздің бірінші қабатында «Отбасы –Отанымыздың ошағы» атты тақырыптық стенд безендіріліп, «Отбасы бақыты-ел бақыты» атты лездеме өткізілді. Лездеме барысында Отбасы құндылықтары айтылып, 10 және 5 сынып оқушылары үгіт насихат көрсетілімін көрсетіп, өлеңдер оқылып, ән шырқады. 1-11 сыныптарда «Отбасы құндылығы-сарқылмас қазына» атты сынып сағаттары өткізілді. Мустапаева Ж.Т мен Абдуалиева З.Н ұйымдастыруымен 7-8 сынып оқушыларының арасында «Мен және менің отбасым» атты тренинг өткізіліп, оқушылар өз отбасыларымен ондағы сақталған Отбасылық дәстүрлермен бөлісіп, ситуациялық сұрақтарға жауап берді.