Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде өткізілген 9 мамыр -Жеңіс күніне арналған салтанатты жиын ақпары

Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде өткізілген 9 мамыр -Жеңіс күніне арналған салтанатты жиын ақпары

  Мектебімізде Ұлы Отан соғысы жылдарының ауыртпалығы мен сол кездегі жауынгер аталарымыздың ерлігін насихаттай отырып, мектеп оқушыларын соғыс және еңбек ардагерлеріне деген құрмет пен болашаққа деген жауапкершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында мектеп оқушылары мен ұстаздары және арнайы шақыртылған қонақтардың қатысуымен 9 мамыр -Жеңіс күніне арналған салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиынды  мектеп директоры А.Т Токейбекова құттықтау сөзімен ашып, ардагерлерді құттықтаса, қаламыздағы №53898 әскери бөлімінің подполковнигі Р.А Нұртаев мектебіміздің «Бәйтерек» әкелер кеңесінің төрағасы М.Қ Джұматаев пен ұлан сыныбының озат оқушысы Н.Аманжолов өз мерекелік құттықтау тілектерін білдірді.  Жиын барысында, мектеп оқушылары жауынгер ағаларымыз туралы көрініс  көрсетіп, Қордабаев Ерсұлтан мен Төлеген Нұргүл монолог оқыды. Сондай-ақ,  вокал тобының орындауында «Алға, қазақ елі!» әні орындалып, мектебіміздің АӘД жетекшісі Т.Е Еримбетов пен ұлан сыныптары оқушыларының орындауында «День Победы» әнімен жалғасты. Шара соңында мектеп оқушылары келген қонақтарға гүлдер ұсынды.