Жалпы білім беретін №8 орта мектебінің 7 мамыр-Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай өткізілген салтанатты жиын ақпары

Жалпы білім беретін №8 орта мектебінің 7 мамыр-Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай өткізілген салтанатты жиын ақпары

  Мектебімізде 7 мамыр- Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай салтанатты жиын өткізілді.  Шара басында мектеп директоры А.Т. Токейбекова құттықтау сөз сөйлеп, мектеп ұстаздары мен қонақтарын және ер балаларды Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, мектебіміздің қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан бірқатар оқушыларын мақтау қағаздарымен  марапаттады. Сонымен қоса, қаламыздағы №31765 әскери бөлімінің капитаны А.Т. Налибаев пен ардагер ұстаз Қ.Б Байдагулов мектеп оқушылары мен қонақтарды мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Салтанатты жиын барысында,  ұлан сыныптарының оқушыларының орындауында «Алға!» биі мен  оқушылар әдеби-монтаж көрсетіліп, ұлан сыныптарының  оқушыларымен  дайындалған  дефиле көрсетілімі келген көрермендердің  көңілінен шықты. Жиын соңында «Мы пилоты» әуеніне  би билеп оқушылар белсенділік танытты.