Жалпы білім беретін №8 орта мектебінің 1-мамыр мерекесіне орай «Ынтымағы жарасқан ел» атты салтанатты жиын ақпары

Жалпы білім беретін №8 орта мектебінің 1-мамыр мерекесіне орай «Ынтымағы жарасқан ел» атты салтанатты жиын ақпары

   Мектеп  оқушыларын  туған елін, жерін сүюге және әр ұлтты құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында 1-мамыр мерекесіне орай, «Ынтымағы жарасқан ел» атты мерекелік  салтанатты жиын өтті.Салтанатты жиынға қаламыздағы неміс этномәдени орталығының мүшелері қатысты. Жиында мектеп директоры А.Токейбекова мерекелік  құттықтау айтып, неміс орталығының төрайымы Ольга Олеговна Потанина оқушыларды 1- мамыр ынтымақ пен бірлік күнімен құттықтады. Салтанатты жиын мектеп оқушыларының «Достығымыз жарасқан» атты халықтар достығы  би қойлымы  орындалып, 4 сынып оқушыларының орындауында «Ортақ мекен жер шары» атты әнімен  жалғасты. Сондай-ақ, оқушылар іс-шара барысында, әр ұлттың биін билеп, мерекелік  әндер шырқалды. Салтанатты жиын соңында жүргізушілер барша оқушыларымыз бен ұстаздарымызға мерекеде шынайы көңіл мен бақыт-береке тіледі.