"Мектеп күні-2018"

   12.04.2018 жылы мектебімізде мектеп күнінің екінші бөлімі өтті. І блокта "Сөз тілдің көркі"  Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жылдық мерейтойына орай алғашқы эпикалық туындысы «Қамар сұлу» романы оқушылардың көмегімен сахналады. Қойылым барысында оқушылар өз дәуіріндегі қазақ әйелінің теңсіздігін, дәуір туралы толғанысын шеберліктерімен көрсете біліді. Мектеп күнінің ІІ блогында АӘД жетекшісі Т.Еримбетов және "Риторика" үйірмесінің жетекшісі Г.Сартаева 6-7 сынып оқушыларымен "Патриотизм – рухани жаңғырудың берік    іргетасы атты пікірлесу алаңын өткізді.

   Ал ІІІ блокта  концерттік бағдарлама  ұлттық «Ертұран» биімен басталып, домбырашылар «Әппақ қарағым-ай!» атты инструменталды компзициясы орындалды. Бағдарлама Нұрлан Наргизаның орындауында Мөлдір Әуелбекованың репертуарынан «Астана» әнімен жалғасып, «Балауса» би тобының бишілері  «Спорт» биін билеп, «Еркетай» би тобының кішкене бишілері «До ре ми» биімен бір серпілтіп тастады. Сонымен қоса Р.Темірханның «Бала бақыты» әнін Қабытай Аңсаған, Сиезова Аяжан, Болатова Мадина орындап, С.Байжұмановның репертуарынан «Қазақстан - бақ Отаным!» әнін мектеп оқушылары мен ұстаздарынан құралған хор орындалды. Концерттік бағдарлама  вокал тобының орындауында «Алға,қазақ елі!» әнімен аяқталды.