«Әкем, анам және мен» отбасылық спорттық жарысы

«Әкем, анам және мен» отбасылық спорттық  жарысы

  2017 жылы 22-мамыр күні «Айбар» азаматтық-патриоттық жоба аясында жалпы білім беретін  №8 орта мектебінде  қала мектептерінің қатысуымен  «Әкем, анам және мен» отбасылық спорттық  жарысы  өткізілді. Жарысқа қатысушылар:

1.     Төлеуғазиевтер отбасы -    №5 орта мектебі

2.     Мамбетжановтар отбасы -  №2 лицей

3.     Ердосовтар отбасы  -  №8 орта мектебі

4.      Ержановтар отбасы - №9 орта мектебі

  Сайысты бастамас бұрын  төрешілер сайланды. «Қос алқа» биімен ашылған спорт сайысы отбасын таныстыру, эстафеталық жарыс, шығыршық, көпсайыс, арқан тартыс, сияқты кезеңдермен жалғасын тауып отырды.     Әкелері, балалары, аналары арасында өткен түрлі жарыста озық көрсеткіш көрсетіп Мамбетжановтар отбасы   бірінші орынды  жеңіп алса, Насыровтар  отбасы екінші орынды, Ердосовтар отбасы мен Төлеуғазиевтеротбасы үшінші орынды иеленді.
Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды. Сайыс өте қызықты, көңілді, тартысты  өтті. Мектеп өнерпаздары  өз өнерлерін тарту етті.