«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды»

«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды»

      С. Сейфуллин атындағы №7 мектеп гимназиясы КММ нің мектепалды даярлық топтары арасында 9 мамыр ұлы жеңістің 74 жылдық  мерекесіне байланысты «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.  Мақсаты: балаларды  адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту,  үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу болды. Бұл тәрбие сағаты  Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне арналды.
 

Дата: 13.05.2019, 11:32 Автор: №7 МГ