жауынгер жерлесіміз Нұрғалиева Ләззат Мүбаракқызымен кездесу өтті

жауынгер жерлесіміз Нұрғалиева Ләззат Мүбаракқызымен кездесу өтті

13 ақпан күні мектебімізде Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шыққанына 30 жыл толуына байланысты интернационалист жауынгер жерлесіміз Нұрғалиева Ләззат Мүбаракқызымен «Ауғанстан –жүректегі жара» атты кездесу өткізілді. Кездесу барысында Ләззат Мүбаракқызы Ауған соғысының елімізге əкелген қайғы-қасіреті туралы өз естеліктерімен бөлісіп, жас ұрпақты бейбіт өмірдің бағасын білуге шақырды. Мектеп директоры Г.М. Манатаева жерлесімізді бейбіт күннің мерейлі мерекесімен құттықтап, сол сұрапыл жылдарда көрсеткен ерліктері үшін алғыс білдіре отырып, Отан алдындағы борыштарын атқару жолындағы жарқын жолдары- жас ұрпаққа үлгі болып қала беретінін тілге тиек етті.

Дата: 13.02.2019, 13:33 Автор: №7 МГ