«Спорт тарланы» номинациясымен және 70 мың теңгелік сертификатқа ие болды

«Спорт тарланы» номинациясымен және 70 мың теңгелік сертификатқа ие болды

        Бүгін 6 қараша күні Балқаш қаласы әкімінің «Өркен» жастар сыйлығы табыс етілді. Жастар саясатын жүзеге асыруға үлес қосып, биік шығармашылық, қоғамдық, кәсіби деңгейде танылып жүрген «С.Сейфулин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ-ның 11 сынып оқушысы Құрметжанов Елдос Мұхаметқалиұлы спорт саласына өзіндік үлесін қосып, қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық спорт жарыстарына қатысып, жетістіктерге жеткені үшін «Спорт тарланы» номинациясымен және 70 мың теңгелік сертификатқа ие болды. Елдосқа әрқашан да жеңіс тұғырынан көріне беруіне тілектеспіз!

Дата: 8.12.2018, 13:55 Автор: №7 МГ