Тұңғыш Президент күні

Тұңғыш Президент күні

1 -желтоқсан күні Тұңғыш Президент күні.Осы даталы күнге байланысты № 7 мектеп-гимназия кітапханасында «Менің тұңғыш президентім атты» тарих сағаты өтті.Оқушыларға қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат берілді. Бұл күннің еліміз үшін орны бөлек. Себебі өзінің жеке әнұраны, мемлекеттік рәміздері бар тәуелсіз еліміздің уығын қадап, шаңырағын көтеріп, іргесін бекіткен Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың халық алдында, мемлекет алдында еңбегі орасан зор.
Осыған орай елбасының өмір тарихы жайлы деректі фильм көрсетіліп,оқушылар өз ойларын ортаға салып,жаттаған өлең жолдарын айтты,соңынан «Нұр аға» әнін хормен шырқады. Мектеп кітапханашысы кітап көрмесіне обзор жасады.
Бұл шара мемлекеттің іргетасын қалаған Тұңғыш Президентімізге ілтипат, екіншіден халықтың қандай елде тұрып жатқанын еске салып, сыйластыққа, достыққа шақыру, береке-бірлікке жетелеу болмақ.

Дата: 4.12.2018, 17:44 Автор: №7 МГ