"Жыл мұғалімі" байқауы

Бүгін мектебімізде педагог мамандығының мәртебесін арттыруда және кәсіптік шеберлігін ынталандыруда мектепішілік "Жыл мұғалімі" байқауының І кезеңі өтті. Байқау тәртібі бойынша І кезеңде ашық сабақтар өткізілді. Ашық сабақтар мынадай көрсеткіштермен бағаланды: 
сабақ типінің мақсатқа сәйкестігі және сол мақсатқа жетуде әдістер мен тәсілдерді таңдау негізділігі; мұғалімнің педагогикалық-психологиялық құзіреттілік деңгейі т.б. Аталған талаптар бойынша бастауыш сынып мұғалімі Исабаева А.Т., ағылшын тілі пәні мұғалімі Ихамбаева А., өзін-өзі тану пәні мұғалімі Сағынтай А.Б., химия пәні мұғалімі Ракишева М.А., қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Саменова А.М., технология пәні мұғалімі Рахымберлина Қ.Р., информатика пәні мұғалімі Ермек А.Т. ашық сабақтар өткізіп, идеяларын тәжірибеде іске асыра білді. Байқаудың ІІ кезеңіне жолдама алған мұғалімдерімізге сәттілік тілейміз!

Дата: 16.10.2018, 14:34 Автор: №7 МГ