"Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру"

       Елбасымыздың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыруда өткізілген "Абай - руханияттың алтын қазығы" атты Абай оқуында мектебіміздің 10-сынып оқушысы Мырзақұл Жангер қатысып,"Мұхтар Әуезов" қоғамдық қорының Президенті, қоғам қайраткері Мұрат Әуезовтің, Өзбекстан композиторлар Одағының мүшесі А.Джумаевтың, Еуразия Ұлттық университетінің профессоры А.Альпеисовтің арнайы алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар, Мұрат Әуезов Абай мұрасын насихаттап, ұлттық құндылықтарға, ұлттық руханиятқа қызмет етіп жүрген осындай шәкірттерге шығармашылық табыстар тілеп, кітаптарын табыс етті. Ақыл-ойдың алыбы - ұлы Абай мұрасынан тағылым алып жүрген Жәңгірдей шәкірттерімізді әрқашан мақтан тұтамыз.

Дата: 16.10.2018, 9:50 Автор: №7 МГ