«Біздің мүмкіншіліктеріміз» байқауы

«Біздің мүмкіншіліктеріміз» байқауы

  Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Біздің мүмкіншіліктеріміз» (мұғалімнің функционалды сауаттылығы) атты кәсіби шеберлік байқауында С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының «STELLA» тобы «Ең функционалды сауатты команда» номинациясы бойынша жеңіске жетті. Команда  мүшелері Сатанова Шакизат Молдашевна, Жақсыбай Гульфайрус, Тлеубекова Мейрамкуль Канатовна, Аманкелдыева Айгүлім Саятқызы өздерінің кәсіби шеберліктерін, ақпараттық сауаттылықтарын, қоғамдық-саяси және тұрмыстық жағдайдағы сауаттылықтарын, жеке тұлғалық қасиеттерін, актерлік шеберліктерін көрсете отырып,  функционалды сауатты мұғалім екендіктерін дәлелдеп берді. Жеке қатысушыларды марапаттау нәтижесі бойынша Жаксыбай Гульфайрус Жақсыбайқызы «Біздің жеңістерді ұйымдастырушы» номинациясының жеңімпазы атанды. Жеңістің биік шыңын бағындырған жеңімпаздарымызды  құттықтаймыз.

Дата: 9.04.2018, 10:42 Автор: №7 МГ