Қалалық 3-4 сынып оқушылары арасында өткен «Балауса-2017» зияткерлік марафоны

Қалалық 3-4 сынып оқушылары арасында өткен  «Балауса-2017» зияткерлік марафоны

    Сәуір айында ЖББ №5 орта мектепте  қалалық білім бөлімі  әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен 3-4 сыныптар арасында «Балауса-2017» зияткерлік марафоны өткізілді.

Мақсаты:

Øбастауыш сынып оқушыларының пән бойынша танымдық және функционалдық сауаттылығын дамыту;

Øдарынды оқушылардың үздік жетістіктерін насихаттауда жеткілікті жағдай жасау;

Øсыныптан тыс жұмысты белсендендіру;

Øоқу пәндеріне қызығушылығын арттыру;

    Марафонға 3-4 сынып оқушылары қатысып, тіл, математика және дүниетану пәндерінен өз білімдерін сынады. Барлығы 309 сұраныс түсіп оның 295 қатысты.  Әр оқушының жұмысы шифрланып, әділ-қазылар алқасы орынды құпия түрде тағайындады.

   Математика және қазақ тілі, орыс тілі пәндері бойынша жұмыстарын тексеріп, зияткерлік марафонның қорытындысын шығарған әділ-қазылар алқасы келесі жеңімпаздарды анықтады.

    2016-2017 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқаулық хат негізінде марафон тапсырмалары математикалық, оқу және жазу, жаратылыстану сауаттылығына байланысты құрылды. Тексеріс барысында мектеп оқушылары білімдерін өмірде пайдалана алмайтындығы байқалды. Бастауыш сынып мұғалімдеріне әлі де болса оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру бағытында тереңірек жұмыс жасау ұсынылады.

Дата: 18.05.2017, 3:32 Автор: Школы и сады г. Балхаш