«Жаңа ғасыр жастар көзімен» атты қалалық ақпаратты – насихаттау топтар байқауы туралы ақпарат

«Жаңа ғасыр жастар көзімен» атты қалалық ақпаратты – насихаттау топтар байқауы туралы ақпарат

    Республикалық бірыңғай жастар мен балалардың «Жас ұлан» ұйымы оқушылардың өмірін қызықты әрі оқиғаға толы етеді.  2017 жылдың 14 сәуір күні Балқаш қаласының 80 жылдық мерекесіне орай «Жаңа ғасыр жастар көзімен» ақпараттық-насихаттау тобының Х байқауы өтті. Байқаудын басты мақсаты-оқушылардың Қазақстан Республикасының патриоты ретінде қалыптасуы мен дамуына жағдай жасау, олардың компьютерлік технологияны меңгеріп, шығармашылықпен жаңаша ойлауын қалыптастыру.

      Байқау екі кезеңде өтті. Бірінші кезеңде мектептердің ақпарат орталықтары өздерінің  «Тәуелсіз Қазақстан - біздің Отанымыз», «Жас Ұлан жеңісі – саған, менің Қазақстаным», «Робототехникалар әлемі», «Біз әртүрліміз- біз бірдейміз», «Жас Ұлан – бақытты, жарқын балалық!» рубрикаларын міндетті түрде қоса отырып баспаларын ұсынды. 

Екінші кезең-    «Отан», «Зерде», «Руханият», «Жеті жарғы», «Салауат», «Еңбек», «Экоәлем» атты 7 бағыт бойынша мектептердің «Жас ұлан» ұйымдарының есебі тыңдалды.   

Байқау қорытындысы бойынша:

         І орынды  – № 3 интернат;

     ІІ орынды  –  №10 ОМ, № 25 ОМ;

         ІІІ орын ды  –№ 2 лицей, № 16ОМ мектептері иеленді.

Дата: 17.04.2017, 5:17 Автор: Школы и сады г. Балхаш