Қалалық чирлидинг сайысының өткізілуі туралы ақпар

Қалалық   чирлидинг  сайысының өткізілуі туралы ақпар

          2016 жылдың   03 желтоқсан  күні  қалалық  «Чирлидинг»  сайысы өткізілді. Сайыс Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздігінің 25-жылдығына  арналды. Сайысқа  қала мектептерінен 10-15 оқушылардан тұратын 15 топ қатысты.

             Әр топ спорт элементерінің күрделілігін көрсету, киім үлгілерін сақтау, бірдей қимыл жасау арқылы өнерлерін көрсетті. Сайыс соңында 3 мектеп – интернатынан «Арабэск» тобы бас жүлдеге ие болды. 1 орынды  №17, 4 орта мектептері иеленсе, 2 орынды № 9,16 орта мектептері, 3 орынды №24,15 және №2 лицей иеленді.

Дата: 6.12.2016, 4:57 Автор: Школы и сады г. Балхаш