«Жас өрт сөндіруші» атты қалалық іс-шарасы

«Жас өрт сөндіруші» атты қалалық іс-шарасы

      2016 жылдың 21 қазан күні «Жас өрт сөндіруші» атты қалалық іс-шара өтті. Іс-шараны қалалық ТЖБ мен қалалық білім бөлімімен ұйымдастырылп, өткізілді. Өрт сөндіру орталығында әр мектептен әскери жетекшінің дайындауымен  7 оқушыдан  құралған  топтар  қатысты.

    Байқауға барлық қала мектептерінің топтары қатысты. Аталған іс-шара 5 кезеңнен тұрды. Әр кезең  өз  деңгейінде экстремалды болды. Қатысушыларға қатысып, жеңу оңайға тиген  жоқ. Дегенмен, әділ-қазылар алқасы  жеңімпаздарды  анықтап,  байқау  нәтижесін  шығарды.

    ЖББ№ 9 ОМ 1-ші орынға  ие  болды, 2-ші орынды  қалалық  гиназия иеленсе, 3-ші орын иегері №7 мектеп-гимназия оқушылар тобы атанды.Қатысқан барлық топтарға мақтау қағаздары мен сыйлықтар табысталды. Іс-шара  жоғары  деңгейде  өтті.

Дата: 24.10.2016, 4:39 Автор: Школы и сады г. Балхаш