Оқушылар арасында өткізілген төртінші қалалық «Спартакиаданың» ашылуы туралы ақпарат

Оқушылар арасында өткізілген төртінші қалалық «Спартакиаданың» ашылуы туралы ақпарат

          2016 жылдың 7 казанында «Металлург»  стадионында оқушылар арасында  кезекті спартакиада өтті. Бұл спартакиада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған. Бұл  мереке Президентіміздің Жолдауы,   жалпы халықтық «Мәңгілік ел» идеясы,  «Жүз қадам» жоспары, 2050 даму стратегиясы идеяларын   орындау және  жүзеге асыру мақсатында өтті.

Мерекеге «Балқаш қаласының  дене  щынықтыру және спорт бөлімі»ММ    басшысы Шакенов Ізбасар Шакенович, қалалық білім бөлімінің әдіскері Рахимов Фархат Маликович қатысты.

Мерекелік іс – ЖББ № 4 орта мектебі жауапты болды.

Іс – шарада мектеп оқушыларының  қатысуымен  мерекелік  қойылымдар қойылды. 

Ашылу  салтанатынан  кейін  дәстүрлі  4х400 «Жеңіл  атлетикалық эстафета» өтті.

Эстафета нәтижесі: Қыздар арасында:  1 орын - № 17 мектеп,  2 орын - №1 мектеп,   3 орын - №3.10 мектептер.   Ұлдар арасында:  1 орын -  № 15 мектеп,  2 орын - №16 мектеп,  3 орын - №1 мектеп.

Дата: 13.10.2016, 9:08 Автор: Школы и сады г. Балхаш