«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы

«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы

ҚҰРМЕТТІ БАЛҚАШТЫҚТАР!

    2017 жылғы 1 тамыз бен  30 қыркүйек аралығында біздің Республикамызда дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы  жарияланды.

     Акцияның мақсаты - жетім және ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларға, аз қамсыздандырылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға мектепке дайындалуға көмек көрсету: оқу-жазу құралдарымен, оқулықтармен, киіммен қамтамасыз ету.

    Балқаш қаласының білім бөлімі қала тұрғындарын, мекеме басшыларын, жеке кәсіпкерлерді   «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысуға шақырады.

   «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысуға ниет білдіргендерге  қосымша ақпаратты білім бөлімінен алуға болады.

      Мейірімділік – жүректен, басталады ниеттен !

 

Шұғыл байланыс телефоны: 8 (710 36) 4-67-55

Байланыс  телефондары :      8 (710 36) 4-19-94, 4-76-28

Заттарды қабылдау орны: Уәлиханов к-сі, 5 үй, 2 қабат, №12 кабинет,

Білім  бөлімі.

                             

Дата: 3.08.2016, 3:48 Автор: Школы и сады г. Балхаш