«Ең үздік сынып жетекші-2016»

«Ең үздік сынып жетекші-2016»

          2016 жылдың 19- мамыр күні  ЖББ №8 орта мектебінде  қалалық   «Ең үздік сынып жетекші-2016»   байқауының соңғы  қорытынды бөлімі  өткізілді.

 Бұл байқау 3 этаптан тұрды. І этапта сынып жетекшілері өз портфолиосын ұсынды. 4 бөлімнен тұратын бұл кезеңнен барлық қатысушы 14  сынып жетекшілері  келесі кезеңге өтті.  ІІ этапта сынып жетекшілер Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған сынып сағаттарын көрсетті. Жоғары баға алған 8 сынып жетекші соңғы қорытынды кезеңге өтті.                 

  Соңғы кезеңнің  шарты бойынша  бірінші кезеңде сынып жетекшілері өздерін таныстыру, екінші кезеңде театрлық этюд  яғни,  актерлік шеберліктерін көрсету керек.  Барлық қатысушылар сайысқа жоғары деңгейде дайындықпен келгендерін көрсетті.     Байқау барысында  шеберліктерін танытып, көрермендерге жақсы әсер қалдырды. 3- орынды ЖББ №8 орта мектебінің бастауыш сынып  мұғалімі  Қасен Ақбота, 2- жүлделі орынды №1 орта мектеп  ұстазы Гужавина Марина Николаевна, ал бірінші орынды №15 мектеп лицей мұғалімі   Омаров Сәтжан Кәрібайұлы иеленсе , бас жүлдеге  №2 лицей мұғалімі  Кенжина  Айгуль  Хамитовна ие болды.  

Дата: 23.05.2016, 6:15 Автор: Школы и сады г. Балхаш